Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу

Опубликовано: 08.12.2018

Бала жамбаспен жатқан кезде жүкті әйелді босану үйіне босанар алдында 2 жұма бұрын жатқызады.

Жамбаспен жату кезінде жүктілікті жүргізу көптеген факторларға байланысты:: акушерлік анамнезге, жүкті әйел ағзасының босануға дайындығына, жамбас өлшемдері мен ұрық салмағына (жамбаспен жату кезінде ұрық салмағы 3600 г болғанда ірі деп саналады), ұрық жағдайына және т.б. Босану ағымын болжау кезінде ұрық жынысын ескеру керек, өйткені аталық бездер жарақаттануы мүмкін. Нәрестенің жамбаспен орналасуында босануды жүргізу барысында арнайы акушерлік көмек көрсетуге, жедел кесар тілігі операциясын жасауға дайын болу керек.

Нәресте жамбаспен орналасқанда босануды тәжірибесі мол акушер-гинеколог жүргізеді, оған акушерка көмектеседі.

Жатыр мойнының ашылуы кезінде қағанақ қапшығының ерте жарылуының алдын алу керек. Босанатын әйелді төсекте жатады, тұруға қатаң тиым салынады. Зәр сындырғанда және дефекция кезінде әйелге дәрет ыдысы беріледі.

Жатырдың жиырылу күшінің әлсіздігінде әйелге жатырды жиырылтатын дәрілер тағайындайды. Қағанақ суы аққаннан кейін бірден қынапты айнамен тексеріп, кіндіктің түсуінің алдын алып, диагнозды нақтылайды.

Босанудың екінші кезеңіне зор көңіл бөлген жөн. Нәрестенің жүрек соғысын әйел күшенген сайын тыңдап отыру қажет. Ұрықтың жүрек соғысының бұзылуы асфиксия көрсеткіші болып саналады. Әйелдің көк тамырына тамшылатып окситацин енгізіледі. Қудалау кезеңінің соңында жатыр мойны қысылуын ескерту мақсатында көк тамырға спазмолитикалық препараттар енгізген дұрыс болады. Жамбас көріне бастағанда эпизиотомия немесе перинеотомия жасалынады.

Босану жолдарынан нәресте құйрығы көріне бастағанда әйел жамбасын кереуеттің қырына келтіріп орналастырады.

Жамбаспен жатуда босанудың төрт кезеңін ажыратады:

1) ұрықтың кіндікке дейін туылуы;

2) ұрықтың кіндіктен жауырындардың ұштарына дейін туылуы;

3) қолдардың туылуы;

4) бастың туылуы;

Нәресте кіндікке дейін туылғаннан кейін бірден бас жамбасқа өтіп, кіндік бауын басады. Кіндік бауы тамырларының қысылуы нәресте асфиксиясына әкеледі. Егер нәресте кіндікке дейін туғаннан кейін босану алдағы минуттарда бітпесе, нәрестеде асфиксия дамиды. Кіндік бауының 4 минуттен аса қысылуы, әдетте, нәрестенің шетінеуіне әкеледі.

Сондықтан, босану ағымы дұрыс болғанда тұлғаның жоғарғы бөлімдерінің және бастың туылуы тез арада жүреді де, көмекті қажет етпейді. Егер кіндікке дейін туылу 3-4 минут арасында бітпесе (2-3 күшену), қолмен шығарып алу әдісіне көшеді.

Нәресте құйрығының екі бөлігі де жыныс ернеуін жарып өткеннен кейін, дәрігердің өзі Цовьянов әдісі арқылы әйелді босандырып алады.

 

Нәресте ағзасының табиғи ерекшеліктері | Күтімнің жалпы ережесі | Жетіліп туған нәрестелердің күтімі | Жаңа туған нәрестені тамақтандыру | Науқас нәрестелердің күтімі | Жетілмей туған нәрестелердің күтімі | Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы | Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері | ХІІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕНІҢ ЖАМБАСПЕН ЖАТУЫ | Биомеханизм ерекшеліктері |