Қазақстанда ғылымның жайы мен негізгі мәселелері - Б. К. Косаяков к и. н., доцент кафедры философии и культурологии

Опубликовано: 23.11.2018

23.11.18

↑ [ 1] ↓

переходы:20 Қазақстанда ғылымның жайы мен негізгі мәселелері - Б. К. Косаяков к и. н., доцент кафедры философии и культурологии

Қазақстанда ғылымның жайы мен негізгі мәселелері

Советтер Одағының барлық халықтарымен бірдей, қазақ халқы совет өкіметі орнағаннан бергі жылдардың ішінде өзінің тарихи дамуы жолында зор табыстарға жетті. Қазақстан өте-мөте мешеу жатқан отар өлкеден осы күнде ауыр өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өркендеген Одақтас Советтік Социалистік Республикаға айналды. Қазақстан жерінде көмір өндіру жағынан бүкіл Одағымызда үшінші орын алатын Қарағанды, ССР Одағы мен Европада бірінші орын алатын Балқаш мыс заводы мен Шымкенттің қорғасын заводы салынды. Мұнай, түсті металл, сирек кездесетін металл, алтын, ферросплав өндіретін ірі өнеркәсіп жаңадан құрылды. Қазақстан Советтер Одағының Шығыстағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды, ауыл шаруашылығы өркендеп, механикаландырылған елге айналды, қазіргі уақытта біздің республикамызда мақта, қант қызылшасы, каучук сықылды техникалық егістер өте-мөте үлкен орын алып отыр. Көптеп мектеп салынуы, орта, жоғары дәрежелі оқу орындарының ашылуы, ғылыми зерттеу институттарының құрылуы Қазақстанда ғылымның мықтап өркендеуіне қолайлы жағдай туғызды. Өз Отанының мүдделеріне, Ленин-Сталин партиясының ұлы идеяларына жан-тәнімен берілген сан мың қазақ интеллигенттері өсіп жетілді. Қазақ халқының түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеті көркейіп өркендеді. Көркейген қазақ халқы Советтер Одағының туысқан халықтарының достық отбасында қазірдің өзінде-ақ лайықты орын алып отыр. 180 жылдан астам уақыт қазақ халқы патшашылдықтың тепкісінде езіліп келді. Қазақтардың тарихи тіршілігіндегі осындай қиын кезеңінде, Ресей империясындағы отар халықтардың басына түскен сондай қиын дәуірге ұшыраған кезеңінде, бір-біріне қарама-қарсы екі жағдайдын ықпалы болды: біріншісі, патшашылдықтың әскери-отаршыл кертартпа саясаты еді де, екіншісі ілгері бастаушы, мәдениетті өркендеу жолын бастаған орыс халқының еңбекші бұқарасы мен ілгері бастаушы-демократияшыл интеллигенттерінің өкілдері еді. Патшашылдықтың және жергілікті сұлтандар мен байлардың екі жақтан бірдей езушілігін көрген қазақ халқы, алдыңғы қатарлы адал ұлдары, орыс халқының ілгері бастайтын азаматтарының игілікті ықпалымен сол қара түнек заманда Европаның ұлы мәдениетінің арналарынан сусын алды. Мұны біз қазақ халқының асқан ғалымдары қазақтың бірінші оқымыстысы Шоқан Уәлихановтың, қазақ әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаевтың, көрнекті педагог, халық ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің тіршілігі мен өнегесінің айқын үлгілерінен көреміз. Социалистік Ұлы Октябрь революциясы ғана, оның халықтар бостандығын орнату деген жалпы адамзатқа ортақ мүдделерді алға қоюы, халықтардың өз билігін өзіне беру, халықтар достығын орнату мүдделері ғана Советтер Одағы халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихи өркендеуінде өнегелі бір үлкен жаңа үлес болып қосылды. Біздің елімізде ғылымның өркендеуі халық шаруашылығын жалпы өркендетумен, еліміздің бүкіл мемлекеттік тіршілігінің өрлеуімен тығыз байланысты. Елді индустрияландыру мәселелері, алдыңғы қатарлы агротехниканы өркендету, деревняны машиналандыру және коллективтендіру негізінде қайта құру мәселелері, еліміздің тіршілігіндегі осы сияқты толып жатқан күрделі істер гылымға байланысты негізгі мәселелер болып, ғылым негізінде шешілді. Біздің елімізде озат ғылымның социалистік құрылыстағы негізгі мәселелермен тығыз байланысуы керек деген пікірді ұлы кемеңгер Ленин 1918 жылда айтқан болатын. РСҚСР-да ғылыми-техникалық жұмыстардың жоспарының данышпандық жобаларын белгілеуде, ол елді экономика жағынан өркендету жөніндегі зор жұмыстарда ғылымның көрнекті қызмет атқаратындығын атап көрсеткен болатын.

do.gendocs.ru/docs/index-267378.html?page=9

rss